<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><author>Карл Густав Боберг</author>
<key>A</key>
<lyrics>[V1]
.E     A                D
 Ұлы Құдай, Әкелік махаббатпен,
.         A     E           A
 Сыйға тартып,нұрыңды төккенде,
.E       A               D
 Өз қолыңмен Жаратушым жасаған,
.         A     E           A
 Бар тіршілік, әлемді көргенде.

[C1]
.     E           A
   // Тәңірім, сонда,
.    F#m          A
   Саған рухым жырлайды:
.         Bm
   Ұлысың Сен!
.  E/E7   A
    Ұлысың Сен! //

[V2]
 Аспанға, жұлдыздарға көз салсам мен,
 Ғажайып жарқын әлем жүзіне.
 Мұхиттағы кемедей жүзіп жүрген,
 Ай мен күнді әуеде көргенде.

[V3]
 Жаратылыс көктемде құлпырғанда,
 Жұпар иісі кеудеме толғанда,
 Бұлбұл әнін тоғайда естігенде,
 Бұлақтың сылдырын тыңдағанда.

[V4]
 Күн күркіреп, найзағай жарқ еткенде,
 үстімізден қара бұлт төнгенде,
 кемпірқосақ назарыма түскенде,
 құнарсыз жерге жауын жауғанда.

[V5]
 Адамзатты сүйіп жер бетіндегі,
 қайғы қасіреттен Ол құтқарғанда,
 мейірін төгіп, жасаған қасиетті,
 ісі туралы мен оқығанда.

[V6]
 Бұл дүниеде адамға үлгі болған,
 Мәсіхтің жуас жүзін көргенде,
 айқышта бізге кешірім берем деп,
 бар әлемнің Патшасы өлгенде.

[V7]
 Жүрегімді құмарлық жайлағанда,
 қара қайғы жанға батқанында,
 Сүйіспеншілікпен басын иіп кеудеме,
 жылы сөзбен мені Ол жұбатар.

[V8]
 Тәңір мені Өзіне шақырғанда,
 нұрын шашып, сәулесі жарқырап,
 сонда рухым үн шығармай қалады,
 ұлылығын Құдайдың мойындап.</lyrics>
<title>Ұлы Құдай, Әкелік махаббатпен сыйға тартып</title>
<hymn_number>177</hymn_number>
</song>